2015 жылдың 29 қазан күнінде Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мирас» клубы шеңберінде т.ғ.к., М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ҚР тарихы кафедрасының доценті Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлымен кездесу шарасы өтті. Шара «Қазақ хандығынан – егемен Қазақстанға» тақырыбы аясында, яғни Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына байланысты өткізілген болатын.

 Шараның басты мақсаты – студенттерді Қазақ хандығының тарихынан хабардар ету және сол кездегі ата-бабаларымыздың ерлігін баяндай отырып, студенттерге патриоттық тәрбие беру. Шара барысын «Мирас» клубының жетекшісі, қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Нұрмұханов Жансұлтан Қайыржанұлы ашып, сөз кезегі аталмыш қонаққа берілді. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Атап кетсек, 1бКШИ тобының студенті Есендәулетова Айгерім «Тарих толғауы» атты өзі шығарған өлеңін, 3кбКДО топ студенті Шаймарданова Гүлден Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» өлеңін, 1бКШК топ студенті Нұржанов Ернар Шаймерген Әлдібекұлының «Қазақ елі» атты өлеңін оқыды және 3бКШМ топ студенті Тұрсынғали Айхан Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін тартты. Сонымен қатар шараға Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары қатынасты.

  

Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Нұрмұханов Ж.Қ.

 

FaLang translation system by Faboba