27 қыркүйек күні Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттері Ұлттық құндылық - тәрбиенің қайнар көзі атаумен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде қазақтың алғашқы ілеспе аудармашыларының бірі Камал Әлпейісовамен кездесуге қатысқан болатын.

Камал Әлпейісова елімізде ілеспе аударма жасауды меңгерген алғашкы аудармашылардың бірі, республикалык, «Үздік аудармашы» конкурсынын жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ол еңбек жолын 1979 жылы «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде коректорлық қызметтен бастаған.

Ал 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі Ақпаратының редакциялык, баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторынын менгерушісі болып қызмет атқарған.

Камал Әбілкасымкызының республикалық газет-журналдарда әңгіме, өлең, аудармалары жарияланып тұрады. Сонымен қатар, «Қыз өссе, ұл есейсе», «Н.Қайыпова», «Жапырақтары жанымның», «Мағыналас мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің қазақша-орысша сөздігі» атты кітаптардың авторы. Аударма жумыстарына да белсене ат салысып, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған «Әлемдік саясаттану антологиясында» грек ойшылдары Демокриттін, Аристотельдін, Платоннын, Сократтын, батыс ойшылдары Бенедикт Спинозанын, Джон Локктын, Паскаль Блездін жекелеген еңбектерін аударған.

Кеш модераторы «Рухани жаңғыру» институтының директоры Абат Сатыбайұлы кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға К.Әбілқасымқызын таныстырып өтті.Кеш қонағы тақырып төңірегінде ой қозгап, өз емірінен сыр шертті. Студент жастар Камал Әлпейісоваға аударма саласынын қызығы мен шыжығы, ұлт тәрбиесі, өлеңдері мен шығармалары жайында сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Әсерлі сыр-сұхбатқа толы кештен студенттер керемет әсер алды.

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba