Бұл күні жас буын бойында күш қуаты тасып тұрған кезінде еліне қызмет еткен қарияларымыздың даналығымен өмірлік тәжірибесіне құрмет көрсетеді. Осы орайда мереке қарсаңында колледжіміздің ерікті студенттері Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарияларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қарияларымызға студенттердің ата-аналарының қолдауымен тәтті сый кәделер сыйланды, 2-ші курс студенті маникюр- шебері Жоламанова Зарина әжелерімізге маникюр жасаса, әншілеріміз ән айтып, би биледі. Студенттер әр әже мен атаның әңгімелерін тыңдап, балалық, немерелік қамқорлықтарын көрсетті. Қазақ тәрбиесінде ата-анасын сыйлау, қарияларды құрметтеуге ерекше мән берген. Бұл шараға студенттерді қатыстырғандағы мақсатымыз өз ата-анасын құрметтеп, бағып қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу.

FaLang translation system by Faboba