Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топтар арасында ағымдағы жылдың сәуір айының 04-12 аралығында «Ғылымға қадам» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау конференциясы өтті. Конференция мақсаты: студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау, ғылыми көзқарас қалыптастыру. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01140200 «Музыкалық білім беру», 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті» біліктілігі мен  мамандықтардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау конференциясы өтті, оның барысында студенттер зерттеу тақырыбын ашып, өз жұмысының негізгі тұстарын белгілеп, өздерінің шығармашылық жұмыстары мен дидактикалық материалдарын көрсетті, тәжірибе алмасты, зерттеу жұмыстары нәтижесін көрсетті. Қатысушылар қосымша сұрақтарға толық жауаптарын бере білді.

FaLang translation system by Faboba