Наурыз  – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Биылғы жылы 14-23 наурыз аралығындағы тойланып  «Наурызнама» деген атау берілді. 21 наурыз «Ынтымақ» деген атаумен өтті. Бұл күні республикалық деңгейде жалпыұлттық телемарафон өткізіледі. Елдің әр өңіріндегі, алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз құттықтау эстафетасына қатысты. Орла гуманитарлық-техникалық колледжде «Ардагерлер құттықтау челленджі» ұйымдастырылды. Челленджге қатысушы ардагерлер колледж ұжымы мен студенттерін Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамымен құттықтауларын жолдады.  

FaLang translation system by Faboba