Орал гумнитарлық- техникалық колледжінде 29.01.-09.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. 28.02 күні фестиваль аясында 2аКШФ тобында «Ас қорыту мүшелері құрылысы және қызметі» тақырыбында А.Ғ.Төлеутаеваның ашық сабағы өтті. Мақсаты: ас қорыту мүшелерімен және оның жұмыс түрлерімен таныстыру, тамақтану және қорытуды қалыптастыру туралы ақпарат беру, баланың ас қорыту мүшелері түрлері жұмыстарын дамыту. Оқытушы сабақ барысында түрлі әдістерді, «түртіп алу» стратегиясын нәтижелі қолданып, «Шәкірт банкі» әдісі арқылы топты бағалады. Сабақ мақсатына жетті.

FaLang translation system by Faboba