27.02.2024 ж Орал гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары арасында Т.У.Маденова мен М.С.Нурмукашованың ұйымдастыруымен «Ұстаз шыңы-кәсіби шеберлік» атты жас және тәжірибелі педагогтар арасында педагогикалық аукцион өтті. Мақсаты: өз әдістемелік ізденістерін ұйымдастыру, жас маманның іскерлік және жеке қасиеттерін қалыптастыру; дәстүрлі емес әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы педагогтардың қызметін жандандыру; оқытушы қызметінің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету.

Аукцион 5 лоттан құралды. Оқытушылар 4 топқа бөлінді: «филологтар», «спецы», «музыканттар», «педагогтар»  әр лоттың тапсырмалары бойынша баллдар жиналды. В.А.Сралиева «Танысу» тренингін жүргізді. Кері байланыс А.Р.Идрисованың «Қағаз оркестрімен» өрнектелді. Қорытындысында «спецы» тобы жеңіске жетті. Тамара Утегеновна өз кітапхана қорынан кітаптар сыйға тартты.

 

FaLang translation system by Faboba