Ағымдағы жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 1ВРШО, 2бРШО, 2бРШФ топ студенттерінің арасында мамандыққа баулу, практикадан алған әсерлерімен бөлісу мақсатында «Путь к успеху: моя профессия- учитель» тақырыбында квест-ойын өтті. Квест-ойын тапсырмалары арқылы студенттер мамандыққа өз көзқарастарын білдіріп, ойларымен бөлісті. Шараның қонақтары директордың тәрбие жұмысы орынбасары Отарбай А.Ж., әдіскерлер Баймуханова К.К., Курманалина Ж.Х., педагогикалық еңбек ардагері-оқытушы Джамбаева А.Б. еңбек жолдары туралы әңгімелеп, студенттерге қиындықтан мойымай, таңдаған мамандықтарының майталманы болуға- ізденіс, еңбек, мамандыққа деген махаббат арқылы жетуге болатыны жеткізді.

FaLang translation system by Faboba