28 желтоқсан күні колледжде бітіруші топтардың диплом алды машыққа дайындықтарын көру,  мақсатында "Портфолио қорғау" рәсімі өтті. Бұл шараға колледждің құрылтайшысы пед.ғылымының докторы Ш.Х.Курманалина, колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева, директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Шотова, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина, директордың оқу жұмысы жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова, әдіскерлері мен топ жетекшісі, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 4б КДО, 4б РДО топ студенттері. Портфолио қорғау рәсімінде студенттер портфолио мазмұнына сәйкес өздерінің жинақтаған материалдарын көрсетіп, мазмұны мен пайдалану жолдарын сипаттап берді. 

Сондай-ақ практика аяқталғаннан кейін машықкерлер жазбаша есеп, практика күнделігі, өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарлары, тәрбие шараларының жоспарлары (бекітілген), топқа және балаға психологиялық-педагогикалық мінездеме, жинақ ведомостісі, практиканттың оқу-тәрбие жұмысына мектепке дейінгі ұйымының әкімшілігі бекіткен ,баға қойылған, мөр соғылған мінездеме, педагогикалық кеңес хаттамасы, видео, фото материалдар алып келу қажет. Комиссия мүшелері құжаттарды қарап, диплом алды машық бойынша қосымша сұрақтарын қойды. Студенттердің дайындығына «өте жақсы» баға берді. 

 

FaLang translation system by Faboba