2018-2019 оқу жылының басында практика жоспары бойынша “Баланың мектептегі алғашқы күндері ” кестесі құрылып, әдіскерлер тағайындалып  практиканың өту барысы  қадағалануда. «Баланың мектептегі алғашқы күндері»машығы бойынша  4 б КШО № 46 әдіскері Ғ.С.Шотова, 4б РДО тобы № 7 әдіскері М.В.Рахметова, 4б КДО тобы № 1 әдіскері А.Б.Сарсенгалиева, 4б КДО тобы № 40 әдіскері Т.У.Маденова мектептерінен өтуде.

Әдіскерлер  машыққа бармас бұрын жоспармен таныстырып,  машықтың жалпы жоспарын түсіндірді. Машық бойынша  31 тамыз күні студенттерді мектепке апарып, директормен және ұстаздармен  таныстырып, сыныптарға бөлді. Сол күні сынып жетекшілер балалардың жеке іс қағаздарымен таныстырды. Машықкерлер машық бойынша құжаттармен, машық жоспарымен, сонымен қатар мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарымен танысты. Машық барысында 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты шараны бақылау барысында даярлық топтармен мектеп оқушыларымен және топ оқытушысымен танысты. 

Сабақтарды бақылау мақсатында  баланың мектепте оқуға деген мотивациялық дайындығын зерттеу. Тіл дамыту, математика, сурет салу пәндері бойынша үлгілі сабақтарды мұғалімнің көмегімен ұйымдастыру. Машық кезіңде топ балаларына оқулықты, дәптерді дұрыс күтіп ұстау, партада дұрыс отыру дағдыларын балалар бойына қалыптастыру. Балалардың мектепке келу қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Зейін қойып тыңда» мотивациялық нұсқаулығын өткізді.

FaLang translation system by Faboba