Әдіскер А.Б. Сарсенгалиева. 2б КШО мен 2бРШО топтарында «Бала күту» мамандығы бойынша оқу машығы өтуде. Машық барысында топтар мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндегі Стандарт, бағдарламалар мазмұнымен танысты. Сондай-ақ балабақшадағы балалармен өткізілетін жұмыс түрлері туралы ақпарат алып, практикалық жүзінде ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, өтірік өлеңдердің жинақтарын жасап портфолиоларын толтырды. Оқу машығы барысында студенттер практика жүзінде сергіту сәттерін, қимылды және дидактикалық ойындарды ұйымдастыра білді.

     

2бКШО тобы  №37 «Жұлдыз ай» балабақшасына «Әртүрлі жастағы бала күту ерекшелігі» машығына барды. Топ студенттерін әр топқа бөліп, тәрбиешілермен таныстырылды. Балабақша директоры  Абилова Айболсын студенттерге ішкі тәртіп жөнінде айтты.

Айтмұханбетова Айкөркем балалардың жаттауларын қайталатуда....

  

«Үркер» тобындағы Берниязова Данагүл балалармен сергіту сәтін өткізуде

  

 

FaLang translation system by Faboba