29 желтоқсан күні бітіруші топтар арасында  «Машық портфолиосын қорғау» шарасы өтті. Шарасына колледж әкімшілігі және колледждің басты құралтайшысы Ш.Х.Курманалина қатысты. 

Портфолио қорғау барысында 4кб КДО топ студенттері толық қатысып (30 студент), «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» саласындағы «сәбилер», «орта», «ересек» топтарына арналған үш портфолио жасап, жинақтады. Студенттер «таным» білім беру саласында «Көлік және қоршаған орта орта» электронды ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарын құрастырып, келген әдіскерлерге көрсетті. Портфолиодан басқа студенттер қолымен жасаған дидактикалық материалдарын көрсетіп, таныстырды. Жасаған материалдардың арасында фетр матадан жасақтаған құыршақ театры, пазлы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған құралдарын таныстырып өтті. Келген комиссия мүшелерінен студенттер жақсы баға алды. «Мектепке даярлық» тобына қосымша төртінші портфолио жинақтау ұсыныс болды. Жалпы басқа топтар бойынша заңдардардың мазмұнын дұрыс аша алматыны ескерту айтылды, әсіресе «Білім туралы» заңы бойынша.

 4 б КШИ тобында папка қорғау тексерісіне  оқу дайындық жұмыстары жүргізілді. Папкаға қатысты материалдар жинақталып, 5, 6, 7, 8, 9 сыныптарға арналған  сабақ жоспарлары жасақталып, 4 б КШИ тобы дипломалды машыққа дайындық портфолиоларын қорғады. Оқу орнының әр студенті өзінің дипломдық жұмысын көрнекі құралдар арқылы көрсетті, «әдістемені берудің қазіргі заман талабына сай болу»  керектігі анық көрсетілген. Дипломдық жұмыстарды орындау барысында студенттер өз технологияларын дамыта отырып заманауи материалдармен құралдарды пайдаланды. Сабақ тақырыптарына дидактикалық материалдарды, технологиялық карталарды және слайд әзірледі. Жалпы білім беретін мектептерде міндетті пән болып табылатын ағылшын тілін оқыту барысын ақпараттандыру ағылшынша сөйлейтін,тыңдап түсінетін,жазатын тілдік тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен біліктің жаңашалануын қажет ететіндіктен, ағылшын тілін жаңа технология негізінде оқытудың әдіс тәсілдер ,сабақ жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болмысын жүйелеп көрсетті.

 

FaLang translation system by Faboba