Биылғы оқу жылында  18 топ ( 362 студент)   № 1,5,6,7,19,40,46, ЖОББ   облыстық, қалалық мектептерде және № 37 «Жұлдыз-ай», №19 «Золотой петушок» мектепке дейінгі мекемелерде байқау практикасынан өтіп өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастырды. Практика барысында жаңа педагогикалық технологиялар, компьютердің және интерактивтік тақтаның мүмкіндіктері кеңінен пайданылып сабақтар өткізілді. Машықкерлер алдын-ала пән мұғалімдерінің, бір-бірінің  сабақтарына қатынасып, талдап, өздері сабақ берген уақытта жауапкершілікпен жұмыстанды. Сабақтарын бір күн бұрын бекітіп отырды. Қолданған көрнекілік құралдары, топшамалары талапқа сай жасалды. Машықкерлер  сабақ беру үрдісінде барлық элементтерді қамти алды, оқушылардың танымдық  қабілеттерін дамыту бағытында ауызша жаттығулармен қатар ойын элементтері қолданылды. 

   

2017-2018 оқу жылының басында практиканың  құрылған кестесі  бойынша 3-4 курс студенттері байқау және бақылау практикасынан өтті. Практиканың алғашқы күні машыққерлер мен әдіскерлер мектепке барып, кіші педагогикалық кеңеске қатысып, мектеп басшылығы, мұғалімдермен танысты. Алдын-ала әдіскерлер мен мектептің оқу ісінің меңгерушілері, пән мұғалімдерімен пәні бірлестігі жетекшілерініңмашықкерлер келісімімен бекітілген сыныптарына барды. Машықкерлер сыныптарына бөлінді.  Сынып оқушыларымен танысып, олардың сабақтарына катысты, күнделіктерін толтырды.

Машықкерлер пән мұғалімдерімен педагогикалық тұрғыдан қарым-қатынас орната білді. Мұғалімдердің берген тапсырмаларын дер кезінде орындап, өздерінің жауапкершіліктерінің молдығын көрсетті. Студенттер машық соңында барлық құжаттарын уақытылы тапсыры Машықкерлер өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастыры білді. 

   

4бКШО тобының студенттері №46 ЖОББМ байқау практикасына шықты. І ауысымдағы 5 бірінші сынып; ІІ ауысымдағы 5 екінші сыныптарға 2 студенттен бөлінді.Жаңартылған білімге бағытталған сабақ жоспарларының мақсат-міндеттері мен жаңа оқулық бойынша ҚМЖ сабақ жоспарын құру жолдары талданды. Критириалды, формативті бағалау түрлері таныстырылдыЖаңартылған білімге бағытталған сабақ жоспарларының мақсат-міндеттері мен жаңа оқулық бойынша ҚМЖ сабақ жоспарын құру жолдары талданды. Критириалды, формативті бағалау түрлері таныстырылды

   

Әдіскер А.Т.Зайнуллина 4 б КШК тобының № 45 ЖОББМ байқау машығын қадағалады. Пән мұғалімдері Г.А.Ажгереева, А.Ж.Қуатовалармен машықтың өту барысы жайлы кеңесті. Топ студенттерін түгендеп, күнделіктерін тексерді.Әдіскер Ж.К.Кадиралиева  Күнделіктерін толтырып, ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар), ҰМЖ (ұзақ мерзімді жоспар) таныстырып, түсіндірді. Студенттер сол жоспар бойынша сабақ жоспарларын құрды. Дидактикалық материалдар мен көрнекіліктер жасады. № 45 ЖОББМ барды. 4б КШК тобындағы студенттердің машыққа қатысуын қадағалап, күнделіктерін тексерді.

    

Әдіскер Ж.К.Кадиралиева№19 ЖОББМ барды. 3б КШК тобының машықкерлерінің сабаққа қатысуын қадағалап, сабақ жоспарларын тексерді.

     

Әдіскер А.Т.Зайнуллина №19 ЖОББМ барып, 3 б КШК, 2в КШК тобының байқау машығын қадағалады. Осы аптаның 23.10.2017 жылдан бастап бұл топтар байқау және бақылау машығын бастаған болатын. Мектептің пән мұғалімдері және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жүздесті.Машықкерлер сабақта АКТ, СТО технологиясы элементтерін қолданды. Оқулықпен, қосымша әдебиеттерден жаттығу жұмыстарын жүргізді. Мекен, мезгіл, амал т.б. пысықтауыштың мағыналық түрлеріне сай топтық жұмыстар жүргізілді. Бекітуде тест жұмысы жүргізілді. Сынып оқушылары белсенділікпен сабаққа қатысып, сабақ мақсатына жетті

    

Әдіскер А.Т.Зайнуллина 14.11.2017ж № 40 ЖОББМ барып 3 б КШИ тобының байқау және бақылау машығын қадағалады. Машықтың алғашқы аптасы мамандандыру «Бастауыш мектептегі ана тілі» пәні бойынша машықтан өтті. Топ апта ішінде 1қазақ тілі, 1 әдебиеттік оқудан сабақ берді

FaLang translation system by Faboba