31.08.2017 әдіскер Тамара Утегеновна Маденова 4бКДО тобында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» машығы бойынша студенттерге кеңес берді.

4бКДО топ студенттері № 40 ОЖББМ барып,мектеп алды даярлық сыныптарына 0а, 0ә, 0б, 0в. 04.09.2017-16.09.2017 уақыт аралығында машықтан өтуге бөлінді.Апта бойы студенттер сыныптардағы оқу – тәрбие жұмысының ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Әдіскер студенттерге балалардың дамуы жөнінде диагностикалық кеңес берді, студенттер мектеп алды даярлық сыныптарындағы мұғалімдерге әр түрлі көмек көрсетті.

4б КШО тобындағы 20 студент әдіскері Насипханым Ермековна Ибатова №46 ЖОББ мектебіне бөлінді.31 – тамыз күні әдіскермен мектепке барып 1-ші сынып мұғалімдерімен, оқушылардың іс-құжаттарымен танысты.

2-қыркүйек күні өткен алғашқы қоңырау – білім күніне арналған салтанатты шараға машықкерлер түгел келді. 1-сынып оқушыларын қатарға тұрғызып, мұғалімдерге көмектесті.Шарадан кейін оқушыларды сыныпқа кіргізіп, «Менің Отаным-Қазақстан» аттытәрбие сағатын өткізуге ат салысты. 1- сыныптар бойынша 5 сыныпқа 3-4 студенттен бөлініп, апта бойы жоспар бойынша жұмыстанды.

31.08.2017 әдіскер Галия Садуакасовна Шотова 4бРШО тобында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» машығы бойынша студенттерге кеңес берді. Күнделік толтыру үлгісімен және машық жоспарының мазмұны мен , оқушыларды зерттеу әдістемесі мен таныстырды.

4бРШО тобы студенттері № 6 ОЖББМ 1А, 1Б, 1В, 1Г,1Д сыныптарына бөлінді.2.09 күні студенттер № 6 ОЖББМ «Бірінші қоңырау» жиынтығына қатысты. Студенттер өз сыныптарында «Білім күніне» арналған тәрбие сағаттарына қатысты.

FaLang translation system by Faboba