Новости колледжа

«ЭКСПО 2017» тақырыбында студенттер конференциясы

24.10  күні    «Мирас»  клубы Н.А. Утегенованың     жетекшілігімен  «ЭКСПО  2017»  тақырыбында  студенттер  конференциясын  оздырды.  Мақсаты  Қазақстан  мемлекеттінің  саяси  экономикалық  бағыттарына  шолу  жасау,  ЭКСПО  тарихымен  таныстыру,  студенттерді  ғылыми-  ізденіс  жұмыстарына  баулу  және  жастардың  шығармашылық  қасиеттерін  дамыту,  ұлтжандылық  қасиеттерді  қалыптастыру  болып  табылады. Клуб  мүшелері  Қазақстан  мемлекеті  туралы,  Астана,  ЭКСПО  2017-ның  шығу  тарихы  туралы  ақпараттар  келтіріп,  өз  ойларын  ортаға  салды.  Шараға  колледж  әкімшілік  өкілдері  психолог  Мамытбаева  Э.,  директордың  оқу  ісі  бөлімінің  орынбасары  Мақашева Ф.Н.,  әдіскер  Султанова  Н.К.  қатысты. Шара  барысында  студенттерге  көптеген  тың  ақпараттар  берілді.

ЭКСПО 2017 - энергия будущего

24.10  күні  кафедра  оқытушылары  Батыргалиева  А.Б.  1  курс  студенттеріне  «ЭКСПО  2017  -  энергия  будущего» атты  танымдық  кеш  өткізді.  Мақсаты  студенттерге  ЭКСПО  2017  -  ні  түсіндіріп,  насихаттау.  Шара  барысында  студенттерге  бейне  фильм  көрсетілді,  ЭКСПО  2017  туралы  ақпарат  және  ЭКСПОның  шығу  тарихы  туралы  мәліметтер  берілді.

Посещение аудиторий, лабораторий, мини-центра координатором агенства НКАОКО

               

2013 жылдың 18-ші қаңтарында  музыка кафедрасының жоғарғы санатты оқытушысы Утешқалиев  Серик Атокұлы     «Шапағат» медициналық- санитарлық орталығының шақыруымен,  колледж түлектерінің жұмысын қадағалау  және әдістемелік көмек беру бағытында семинар- кеңес өткізді. Колледжіміздің түлектері әдіскердің оқыған семитнарын зейін қойып тыңдап, өздеріне қажетті мағмұлат алды деуге болады. Семинар соңында колледжіміздің түлектері өз ризашылықтырын білдірді.

Ұжыммен жұмыс

2013жылдың 8 ақпан күні оқытушы М.С.Нұрмұқашева жетекшілік ететін 2бКДО тобы және сабақ беретін 3 бКДО топтарымен бірге «Имандылық- инабаттылық мұраты» атты ашық шараны Ж.С.Бексариевамен бірге ұйымдастырды. Шара барысында Қазақстанды емес бүкіл әлемді толғандырған экстремизм,діни ағымдары мәселесі туралы оқушыларға сауаттылық әңгімелер,фильмдер, слайдтар, жағдаяттар жүргізіліп,қатысушылармен пікір алысу, сұхбаттасу жүргізілді.Шараға БҚО Дін істері департаментінің маманы Ақылтаев Ернар Орынбасарұлы, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.В.Лоскутова, оқытушылар Ж.С.Бексариева, Б.М.Куспанова, Р.С.Джакупова, колледжінің жастар ісі жөніндегі маманы А.Ә. Жұмашева және 2бКДО,3бКДО және 1бКДО,1бКШК топ студенттері қатысты.
Студенттер өздерін қинап жүрген сұрақтарын қойды. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызыметтері арнайы сот шешімдерімен заңсыз деп танылған діни ұйымдардың тізімі жасалған кестені слайд арқылы тамашалады.

Сонымен бірге 2б КДО тобы студенттері Дәулетова Айгерім, Жұмабек Сәнім экстремизм туралы ойларын айтты, жағдайаттарға жауап берді. Оқытушы Ж.С.Бексариева А.Құнанбаевтың «Он үшінші қара сөзін» және 3б КДО тобы студенттері Хадис-Пайғанбарымыздың өсиет сөздерінен үзінді оқыды.

 

Қазақ тілі оқытушысы Нұрмұқашева М.С.

 


 

1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз.
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаханға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар,  ақ пейілді көпшілік ! 2 жүрг. Азаттық пен елге қонды тосқанбақ,    
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа алып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған! 1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті  күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

2 жүрг. Қазақстан Республикасының Гиміні шырқалсын.

1 жүрг. Ардақты ағайын, 1991жылы 1желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1желтоқсан- мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2 жүрг. Жоғары Парламентінің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезім мен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне тағада осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Алдарыңызда  ән  «Елім менің»

1 жүрг. Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсылтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

2 жүрг. Азаттық теңдік әлемі ,
Шаттыққа елді бөледі
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Алдарыңызда ән «Жаса қазағым» орындайтын Болат Мирас.

1 жүрг. -  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның,халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезбеу мүмкін емес еді.Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерін де қалың елі қазағына тебірене тұрып -  «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып , санатына қосудан үлкен мақсат жоқ  десе « Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президеттік те, перзенттік те парызым » деген болатын.

2 жүрг. Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. 1 жүрг. Бір басында кемеңгерлік,  даналық
Елін сүйген елі үшін жаралып
Сол кісідей болса - болсын әр алып 
Адамдықтың аласармас  үлгісі
Бір өзінен жатқанышын таралып
Бүгін тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық.

2 жүрг. Хор «Нұраға»

1 жүрг. Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған видео

Би мұғалімдермен

FaLang translation system by Faboba