Новости колледжа

17 мамыр күні Орал қаласының «Еуразия» индустриалдық-экономикалық колледжінде «Жол картасы 2018 педагог кадрлардың шетелде біліктілігін арттыру іс-тәжірибесін тарату» қалалық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына колледж директорының ОІ жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова, ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жоңқарбаева мен арнайы пән оқытушысы А.Б.Сарсенгалиевалар қатысып келді.

14-16 мамыр аралығында «Евразия» туристік лагері базасында облыстық «Айбын» спорттық, әскери-патриоттық жиыны оздырылды. Жиынға 6 аудан, 3 қалалық колледж оқу орындары атсалысты. Жиынның негізгі мақсаты Қарағанды облысы «Спаск» полигонында өтетеін Республикалық «Айбын» жиынына команда жасақтау болып табылады. Жарыс 10 турдан тұрды. Нәтижесінде ең үздік 10 ұл, 5 қыз бала іріктеліп алынды.

Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрымен ұйымдасқан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыптық кинолектория өтті. Студенттер Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Орал қаласының құрметті азаматы Х.А.Сафин және мәдениет саласының еңбек және мәдениет қайраткері Ф.А.Баюканскиймен кездесіп, «Асыл әже» вокалдық тобының әзірлеуімен ұлттық салт-дәстүрден көрініс  тамашаланды.

10-14 мамыр аралығында Қырғыстан Республикасының Бішкек қаласында тоғызқұмалақтан  өткен  Азия кубогінде «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің 4 курс студенті Сағынбаев Жарасқан жүлделі ІІІ орынмен оралды. 

Колледжде қалыптасқан дәстүр бойынша студенттердің бойында қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында колледжде әр аптаның дүйсенбі күні барлық топтарда 1 ауысымда сағат 8.15-те  Әнұран орындалды. 

11 мамырда БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар-колледжінің тұтастай педагогикалық үрдісінің негізі» атты семинары өтті. Семинар мақсаты-жалпыадамзаттық құндылықтар-рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.

FaLang translation system by Faboba