Новости колледжа

ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде құжаттарын тапсырған талапкерлерге 2018 жылы «14» тамыз күні өткізілген шығармашылық емтихан қорытындысы

08.06.2018ж Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттеріне №3 емханасынан дәрігер Т. А Утекеева келіпаты шулы жұқпалы инфекциялық ауру “Менингит” туралы дәріс сабағын жүргізді. “Менингококкты инфекция”, “Жедел назофарингит”, “Менингококцемия”, “Менингококцемиядағы дақтар”, “Менингит”, “Инфекциялық токсикалық шоқтың” 3 сатысы болатынын “Профилактика және ошақтағы іс-шаралар” тақырыптарынан анықтамалар, әңгіме, кеңестер жүргізілді.

2 маусым күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жыл студенті- 2018» байқауы өтті. Бұл байқауға колледждің бітіруші 10 топтың студенттері қатысқан.

21-25 мамыр күндері Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында өткізілген «Platonus College» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыруға арналған оқыту курсына директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі М.С.Кабдушева, лаборант А.К.Садыковалар қатысып келді. Курс барысында ААЖ-нің құрылымы, жүйені ақпараттармен толықтыру, колледждің оқу үрдісіне енгізу жолдары түсіндіріліп, практикалық жұмыстар жүргізілді. 

22 мамыр күні педагогика, психология кафедрасының оқытушысы А.Б.Сарсенгалиева Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың ерекшілігі» тақырыбындағы республикалық онлайн семинар-практикумға баяндамасымен қатысып, сертификат иеленді. 

Музыка кафедрасының оқытушысы А.Р.Идрисова «Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін, сөздік қорын дамыту» атты балабақша тәрбиешілеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік  семинарына қатысып, «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba