08.12 күні «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тарих, химия және биология пәндері апталығы аясында оқытушылар Мазгутова Д.Е. АйталиеваА.Е. «Трансплантацияның артықшылығы мен кемшілігі» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Мақсаты: - биология пәнінен алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту, студенттердің логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту.

Шараға 1 курс топ студенттері қатысты. Әр топ дебаттың өту барысында белсенділік танытып, жауапкершілікпен қатысты. Тақырып бойынша қызу пікірталастар болып, қатысушылар өз ойларын ашық, еркін жеткізе білді. Қатысушылар марапатталып, шара қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba