Бүгін 3а КШМ тобында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында "Аталар жолымен, ағалар ізімен" тақырыбында танымал күйшімен кездесу ұйымдастырылды. Қонаққа домбыраны жүрегімен таңдаған ардагер күйші Қайырғалиев Төлеген Қайырғалиевич шақырылып студенттермен кездесті. Мақсаты: Жастарға қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихын зерттеп, рухани азық беру.

Әдемі сенде әуен бар сезінгеге.

Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?

Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,

Тірліктің у- шуынан безінгенде - дегендей музыканың құдіретін түсінер жастарға аға буын аталар өмірінен мәліметтер берілді.Студенттер өз өнерлерін көрсетіп ағадан ақ батасын алды.Кешті ұйымдастырған А.Р.Идрисова мен Ж.К.Утеуов студенттерге Қали Жантілеуовтың жиенімен ұрпақтар сабақтастығын көрсетті.

FaLang translation system by Faboba