9 қыркүйек 2017 жылы сағат 10.00-да Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Денсаулық фестивалі» акциясы аясында «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!» ұранымен флешмоб оздырылды.

 

Акция мақсаты – қоғамда дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден бас тарту, уақытылы профилактикалық тексерулерден өту арқылы денсаулықты нығайту, студенттердің бойында өмірге деген көзқарастарын, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту.

Акцияға колледж оқытушылары мен 1 курстан 166 студент қатысты. Сонымен бірге  құрметті қонақ ретінде самбо күресінен ересектер арасында 4 дүркін әлем чемпионы, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері Байбатыров Ерболат Сағатұлы қатысты. Акцияның бірінші бөлімінде флешмоб билесе, екінші бөлімінде спорттық ойын түрлерінен( арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі) жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен акцияның студенттерге берер тәрбиелік маңызы зор және мұндай игі істер колледж қабырғасында жалғаса береді.

FaLang translation system by Faboba