Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. «Еліміздің болашағы-білімді жастарда!»,- деп Елбасы атап өткендей, бүгінгі алғашқы білім сабағы «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласын талқылауға арналды.

   

Елбасының 2017 жылдың сәуір айында жарық көрген бұл мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. 

Салтанатты жиынға  еңбек ардагерлері, колледждің зейнеткерлері –Мендыгалиева Маржан Кабошевна мен Батыкова Жұмабике Мендыгалиевна, ардагер ұстаз, ата-ана - Құрманғазиева Гүлжия, БҚО ауған соғысы ардагерлері қоғамының заң бөлімі басшысы Габбасов Алимжан Гумарович, ауған соғысының ардагері Кереев Кадыржан Душмухамбетович құрметті қонақ ретінде қатысты.

 

Білім ордасының кілтін Орал гуманитарлық-техникалық колледж атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Утарбаева Ляззат Жетебаевна қабылдау емтиханында жоғары 44 бал жинаған  «Дене тәрбиесі мамандығы бойынша 1 курс студенті Баянгужин Айдарханға тапсырады. 

  

Колледж дәстүрі бойынша І курс студенттері оқытушылар мен ата-аналарының алдында ант берді. 

Бүгінгі салтанатты жиынның шешуші кезеңі 2017-2018 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі «Дене тәрбиесі» мамандығының 4 курс студенті, колледждің оқу үздігі, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының 3 дүркін чемпионы,  күні кеше Чехия мемлекетінде өткен «CZECH OPEN-2017» тоғызқұмалақтан әлемдік жарыстың чемпионы Сагинбаев Жарасқан мен  қабылдау емтиханында ең жоғары көрсеткіш көрсеткен «Дене тәрбиесі» мамандығының 1 курс студенті Айтаханова Эльмира тапсырылды.

FaLang translation system by Faboba