31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне қалалық Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрымен бірлесіп студенттерді тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеп, бойларында ұлтжандылық қасиетті дамыту мақсатында «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты тарихи-тағылымдық кеш оздырылды.

Шара қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып,  қоғамдық пәндер және жаратылыстау кафедрасы оқытушысы Н.А.Утегенованың ұйымдастыруымен Қазақ тарихындағы қаралы 1921-22, 1931-33 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдары туралы студенттерге тың ақпараттар берілді. Зұлмат жылдардың зардабы мен салдарын жас ұрпақ ұмытпауы үшін 1997 жыл- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.

 

Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндалып, қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет берілді. Олардың есімдерін ұмытпай, істерін үлгі тұту мақсатында қалалық «Ардагер» клубының әдіскері Н.М.Мағзомова, тарихшы Т.Ж.Мағзомов сөз алды.

Соңынан саналы ғұмырын туған халқының мүддесіне арнаған, қабілет-дарынымен ұлтының мерейін асырған, қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, ағартушы, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері, тамаша физик, математик, Мұхамеджан Тынышбаев туралы деректі фильм көрсетілді. Шараға колледждің 1 курс студенттері, оқытушылары, кинотеатр қызметкерлері және «ТДК-42» телеарнасы қатысты.

Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрының әдіскері А.С.Иманова ұйымдастырушыларға және студенттерге өз ризашылығын білдірді.

 

FaLang translation system by Faboba