23 мамырда Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары Қ.Қ.Қосбаева мен А.Б. Кужахметова Тасқала ауданының мектептерінде: Мерей ауылының орта мектебінде, «Сәуле» мектеп-гимназиясында, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Колледж оқытушылары талапкерлерге білім беру қызметінің тәртібі, стипендия төлеу, колледждің қалалық деңгейдегі конкурстық іс-шараларға қатысуы, түлектерге деген сұраныс және ЖОО-да оқу мүмкіндігі туралы әңгімеледі, колледж студенттерінің мәдени, спорттық, бос уақыты туралы ақпараттар берілді. Колледж оқытушылары мен студенттері оқу процесіне қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Тасқала ауданы мектептерінің оқушылары мен оқытушыларына мамандықтар, Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне түсу үшін қажетті құжаттар туралы ақпараттар таратылды.

FaLang translation system by Faboba