27.11-22.12 аралығында 01140500 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4S01140501 «Дене шынықтыру мұғалімі» біліктілігінің студенттері № 3 ЖОББМ, №10 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №40 ЖОББМ, №43 ЖОББМ базаларында тәрбие жұмысының технологиясы бойынша практикалық тәжірибеден өтті.

 

Тәжірибенің мақсаты: білім беру теориясы мен әдістемесі бойынша студенттердің психологиялық-педагогикалық білімдерін кеңейту және бекіту, мектеп оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізуде педагогикалық шеберліктерін дамыту.

Міндеттер:

-оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізуде студент-практиканттардың психологиялық-педагогикалық білімдерін бекіту, кеңейту, жалпылау;

- дене шынықтыру мұғалімдерінің оқушылармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі мен мазмұнын зерттеу;- дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысын және мектеп оқушыларының мінез-құлқы мен іс-әрекетін бақылау, оларды талдау дағдыларын дамыту.

Студенттер сынып жетекшісінің жұмысымен танысты, сынып ұжымы мен оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеді. Сыныпты, таңдалған оқушыларды бақылады. Сынып сағаттарын ұйымдастырып, өткізді.

Әдіскерлер: А.Ж.Отарбай, В.А. Сралиева, А.Е.Куанышева

FaLang translation system by Faboba