21 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің акт залында паралимпиада спорты бойынша Батыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшесі, жеңіл атлетика және волейболдан спорт шеберіне кандидат, паралимпиадашы Умиралиев Бауыржан Жасқайратұлымен кездесу өтті.

Кездесу диалог түрінде өтті. Спортшы сұрақтарға жауап берді: Кәсіби спортпен айналысуға не түрткі болды? Осы спорт түрімен айналысқаныңызға қанша уақыт болды, ең қиыны не болды және оны тастағыңыз келді ме? Спортқа ұмтылатындарға қандай кеңес берер едіңіз? Алдағы жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз қандай? Сіздің спорттан басқа хоббиіңіз немесе қызығушылығыңыз бар ма? Сіздің спорттық жетістіктеріңіз қандай? Қазіргі таңда қандай спорт түрі дамыған деп ойлайсыз? Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай? Сіздің күнделікті жұмысыңыз қалай көрінеді? Ең бастысы, қонақ қиыншылықтарға қарамастан әрқашан алға ұмтылу, жаман әдеттерден бас тарту, күн тәртібін сақтау, салауатты өмір салтын ұстану керектігін атап өтіп, жаңа бастаған спортшыларға алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді! Мұндай кездесулер бейімді спорт пен дене шынықтыруды дамытуға септігін тигізіп, студенттердің кәсіби шыңдалуына ықпал етіп, жастарды спортпен, дене шынықтырумен айналысуға ынталандырады.

 

FaLang translation system by Faboba