10 қарашада 1аРШО, 1бРШО топтарының топ жетекшісі Г.С.Шотова студенттермен бірге «Студенттерді тәрбиелеу және олардың жеке басын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында, ұлттық құндылықтарды: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде қалыптастыруға бағытталған алғашқы ата-аналар жиналысын өткізді. Ата-аналар жиналысы «Басқа да дәстүрлі емес тәсілдермен амандасу» тренингінен басталды. Студенттер Железнова Элизабет, Шапошникова Людмила ата-аналарға өз тобын таныстырды, оқу үрдісі, оқудан тыс өмір, тәрбие сағаттары туралы айтып берді, «Қимылмен көрсет» атты жаттығу өткізді. Ата-аналарымен бірлесе отырып, студенттердің тәрбиесіне және жеке басын қалыптастыруға әсер ететін факторлар, тәрбие стилдері талданды. Сондай-ақ, ата-аналар колледждің ішкі тәртіп ережелерімен танысты. Жинаста колледждің атқарушы директоры Л.Ж. Утарбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Сагидуллина, оқу бөлімінің меңгерушісі А.А. Муқанова, пән оқытушылары сөз сөйледі. Топтардың топ жетекшісі ата-аналардың назарына энергетиктердің, электрондық темекіні пайдалану мен олардың салдары туралы ақпарат ұсынды. Ата-аналар жиналысы жаттығумен аяқталды, онда ата-аналар таңдаған кәмпиттердің орамындағы бейне, түсімен байланыстырып топ студенттеріне тілектер, кеңестер айтты.

FaLang translation system by Faboba