2023 жылдың 31 қаңтар "Зергерлер күніне" орай Орал қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен колледжіміздің 1 курс студенттері зергер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сарманбеков Самат Төлепбергенұлымен кездесуге барып келді. Кездесу кезінде ұлттық әшекейлеріміздің жасалу техникасын, түрлерін, мағыналарын біліп қайтты. Соңында өздерінің сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті. 

FaLang translation system by Faboba