0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4аРДО тобының студенттері қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің базаларында, балабақшаларында: № 16 «Лесная сказка», №19 «Золотой петушок», №22 «Колобок» бөбекжайы, №27 «Жігер» бөбекжайыларында бақылау және байқау практикалары: «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісінің кіші және жоғары топтарындағы іс-әрекеті практикасынан өтуде.

Практика мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың педагогы ретіндегі әдістемелік жұмыс негіздеріне сәйкес теориялық білім мен дағдыларды практикада қолдану дағдыларын меңгеру. Тәжірибе барысында студент-практиканттар балалармен жұмысты өз бетінше жоспарлауды, сабақ жоспарын құрастыруды және оны талдауды, әр балаға жеке көзқарас табуды үйренеді.

FaLang translation system by Faboba