ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Дипломалды практикасына дайындық

20-24 желтоқсан айының апта аралығында дипломалды практикасына дайындық (оқу практикасы) өтті. Студенттерді практиканың мақсат-міндеттерімен таныстырылды, ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері бойынша жаңартырылған қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және оқулықтағы тапсырмалармен жұмыстану жолдары түсіндірілді, дайындық жұмыстары жүргізілді. Оқулық бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру жолдары талданды. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері талданды.

27 желтоқсанда 3-4 курс студенттерінің дипломалды практикасына дайындық конференциясы өткізілді. Студенттер практикаға қажетті папка мазмұны бойынша жинақтаған нормативтік құжаттарымен, дидактикалық материалдарымен таныстырды. Студенттер практикаға дайындаған қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілерімен таныстырды. Презентациялар, көрініс, жаңа педагогикалық технологиялар, белсенді оқыту әдістер арқылы «Зат есім. Салт дәстүрлер туралы», «Искусство творить добро. Части речи», «Famous peopie in GB», «Техника безопасности. Развитие ощущений двигательных спсобностей. Одношажный ход», «Қозғалыс техниканың элементтерін үйрету. Шаңғымен биіктікке көтерілу» тақырыптар бойынша сабақтардың үзінділерін көрсетті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.