ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері»

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің жоғары санатты музыка пәнінің оқытушысы Идрисова Алма Рахатқызы 2021 жылдың 31 наурыз күні ZOOM платформасында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі өткізген «Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «Заман талабына сай музыка жетекшілерін дайындау» атты өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Орал және т.б. қалаларының оқытушылары секциялар бойынша жұмыс жасады, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялар, технологиялар, жаңартылған оқыту бағдараламысының өзектілігі, ерекшеліктері, модульдік оқыту, қашықтық оқыту туралы жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Сонымен қатар Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Курманалина Жаннат Хайроллақызының «Жаңартылған оқыту бағдарламасының өзектілігі» тақырыбындағы баяндамасы аталмыш конференцияның жинағына енді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.