ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқытудың ерекшеліктері мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру»

2021 жылдың 30 наурыз күні ZOOM платформасында «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» МКҚК арасындағы серіктестік аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқытудың ерекшеліктері мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар оздырылды. Аталмыш шарада білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзекті мәселелері, бағдарламаның құрылымы және оқу үдерісіне қажетті тиімді педагогикалық әдістер, оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімділігін жетілдіру жолдары қарастырылды.

Семинар басында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Жанділдин Ерлік Барысұлы құттықтау сөз сөйлеп, семинарда қаралатын мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушыларыбілім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар, шығармашылық үй тапсырмаларын беру, инновациялық технологияларды қолдану тақырыптарында баяндаса, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің оқытушылары жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жалпы білім беретін пәндерді оқытудың ерекшеліктері, оқу процесін әдістемелік жабдықтау, білім беру платформаларын пайдалану, критериалды бағалауды енгізу, колледж студенттерін Орта білім беруді жаңарту жағдайында жұмысқа дайындау мәселелерін сөз етті.

Семинар жұмысын Орал гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина және М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.С.Иманқұлова қорытындылады.

Семинар аясында колледж оқытушылары арасында жемісті тәжірибе алмасу өтті, сондай-ақ ынтымақтастықтың алдағы перспективалары анықталды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.