ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Әйел деген әдемі ғой, әдемі...»

Оқытушы К.К. Косбаеваның жетекшілігімен 5-наурыз күні 3а,бКШИ тобында ақиық ақын, қазақ поэзиясының Хантәңірі М.Мақатаевтың туғанына 90 толуына және 8-Наурыз – нәзік жандылар мейрамына орай «Әйел деген әдемі ғой, әдемі...» тақырыбында онлайн платформасында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Шара мақсаты – қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың ана, әйел, қыздар, ғашықтық тақырыбындағы өлеңдері арқылы сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік мен мейрімділік қасиеттерін, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Шара барысында топ студенттері ақынның лирикаға толы «Шеше, сен бақыттысың!», «О, махаббат!», «Махаббат диалогы», «Фаризаға!» және т.б. жырларын мәнерлеп оқып, ақын сөзіне жазылған әндер авторларымен танысты, ел арасына кеңінен танымал болған «Сөнбейді әже, шырағың!», «Есіңе мені алғайсың» әндері шырқалды. Сонымен қатар, «Қазақ» радиосы қорында сақталған ақынның өз даусымен оқылған өлеңдерін тыңдады.

Кеш қорытындысында топ студенттері ақын шығармашылығы арқылы сүйіспеншілік, адалдық адами қасиеттерін арттырып, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидың бейнесі тұлғаланып, жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға дәріптеле беретіндігін түсінді.

{youtube}ycKzX4Qxdx4{/youtube}

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.