Новости колледжа

Мақсаты: Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Бұл кезде атеистік танымда тәрбиеленген аға ұрпақ қабір тастан қойма салып, бабалар қорымын темір тажалмен тілгілеп, аңызға айналдырды. Дінімізге қаяу түсірмей бабамыз қалай бізге жеткізсе, біздерде солай ұрпаққа адал етіп, аманат етуіміз керек.

20.04.16 жылы М.Горкий атындағы қалалық кітапханасында «Көне ескерткіштер сыр шертеді» тақырыбында кеш өтті. Кешке Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің IV курс студенттері белсене қатысты. Кештің мақсаты- тарих және мәдени ескеткіштер жиынтығын жас ұрпаққа насихаттау.

19.04.2016ж Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде колледжішілік  «Колледж аруы-2016» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының, қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке,инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқауға Нуптығалиева Айшолпан, Абилова Диана, Кенжегалиева Айза, Салыкова Жанна, Халықбергенова Лира сынды белсенді студенттер сынға түсті.

Қатысқандар: 1бКДО,1бКШО,1бКШК,1бРШФ,1бКШИ, 1бКШФ,2бКШМ топ студенттері.

11-22.04 .2016 ж аралығында «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. 

«Интернет дегеніміз не?»тақырыбында І-ІІІ курс студенттері плакаттар көрмесін ұйымдастырды. 

9.04.16 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде колледжішілік және қалалық  сеңбілік өтті.  Сеңбілікке I-IV курс студенттері қатысты. Бөлінген аймақтар бойынша барлық топ  студенттері тазалыққа ат салысты.

FaLang translation system by Faboba