Новости колледжа

2бКДО тобының «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты  аналарға, ұстаздарға арналған мерекелік шарасы өтті. Шараға топ студенттері  өз өнерлерін көрсетіп, жаңа қырынан көріне білді. Кеш жүргізушілері:  Ерманова Айгерім мен Ғарифолла Жансая кешті өте жоғары деңгейде жүргізе білді. Студенттер топпен хор болып «Анашым» әні орындалды.

Келесі кезекті өз өлеңімен тебіренткен Серікова Жанеркенің  «Рахмет, саған, Ана!» атты өлеңі тыңдалды. Ата-аналарды, ұстаздарды, аруларды   құттықтау мақсатында сөз кезегі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Қосбаева Кунзия Кабибуллақызына  берілді.

6 наурыз күні ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы оқытушы-ана, оқытушы-апа еңбегін қадірлей білуге үйрету, нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, анаға, апаға деген ізгі ниеттерін көрсету мақсатында колледжде «Әйел деген әдемі ғой, әдемі ...» атты шара оздырылды. Шарада дене тәрбиесі кафедрасы оқытушылар мен студенттері белсенділік танытты.

06.03. күні наурыз күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы 1 курс студенттері аралығындағы «Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны сайысы ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты:  Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастырып, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа баулу.Шараның барысында қатысушы студенттер өздерін таныстырып, қазақ салт-дәстүрлдері туралы сұрақтарға жауап беріп өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың соңында қатысушы студенттер  «Сымбатты ару», «Білімді ару», «Ас адамның арқауы»  номинацияларына ие болды.

Нұрын шашқан көктем келді  халайық!!! Алғыс айту күніне орай БҚО жастар ресурстық орталығы еріктілермен бірлесіп, Орал темір жол вокзалында Алматы-Мәскеу бағытындағы пойезд жолаушыларына тосын сый ұйымдастырды. Әр жолаушыға Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызып, ауыр заттарды тасымалдауға көмектесті. Бұндай акциялар көптеп ұйымдастырылсын деген тілек білдірілді. Өткізілген игі шараға  жастар ішінде мерекеге белсене қатысқан 3бКШК тобының студенті Саламат Ернар. Қазақстан – Орал телеарнасының ресми сайтында жарияланды.

28 ақпан күні колледждің 1-2 курс студенттері Абай бөлімінің полиция қызметкері Темиртасов Мейірбек Кайрович, полиция инспекторы Найзабекова Әсем Нұрболатқызы және Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне бекітілген жергілілкті полиция қызметкері, полиция лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевичпен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері  кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы, әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігі, түнгі клубтарда, ойын-сауық орындарында немесе басқа да жерлерде түнгі 11-ден кейін жүруге болмайтындығын, ондай жағдайда әкімшілік кодексінің №127  бабы бойынша ата-аналары жауапқа тартылатындығы туралы ескертті. Кездесу соңында студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Л.А.Нагимова Республика көлемінде Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» акциясы аясында «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемеге» 1бКШМ тобының жетекшісі,Саз кафедрасының оқытушылары  Нүргүл Мұратовна,Сағат Ұзақпайұлы,Саз кафедрасының меңгерушісі Алма Рахатовна және өзінің 3б КШК тобымен Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкен құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата-баба аманатына адал, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу. Қарияларымыздың көңіл - күйін көтеру мақсатында «Ата - әулеттің тірегі, әже - ұрпақтың жүрегі»  атты тақырыпта концерттік бағдарламасымен барып қайтты.

FaLang translation system by Faboba