Орал гумнитарлық- техникалық колледжінде 29.01.-09.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. 06.02 күні фестиваль аясында 2аКШО тобында «Қабылдау дамуы және оның түрлері» тақырыбында А.А.Аманбаеваның ашық сабағы өтті. Мақсаты: қабылдаудың дамуы және оны қалыптастыру туралы ақпарат беру, баланың қабылдауын дамыту. Оқытушы сабақ барысында «Флешка», «Фри», «Жұмыртқа», «Қолшатыр» әдістерін, «түртіп алу» стратегиясын нәтижелі қолданып, «Ұстаз банкі» әдісі арқылы топты бағалады. Сабақ мақсатына жетті.

30.01.2024 ж педагогика, психология пәні оқытушысы Сралиева В.А. ашық сабақтар фестивалі аясында «Тәрбие психологиясының негіздері. Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері» тақырыбында 2аб КШФ тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: студенттерге тәрбиенің психологиялық негіздерін түсіндіру, тұлғаға әсерін анықтау, ұлттық құңдылықтарды дәріптеу. Сабақ барысында тренингтер арқылы қызығушылық оятып, жағдаяттар , ойын түрлері арқылы тақырып бекітілді. Сабаққа қатысқан оқытушылар әріптесіне ризашылықтарын білідіріп, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. 

Орал гумнитарлық- техникалық колледжінде 29.01.-09.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. Мақсаты: оқу үдірісінде жаңа ақпаратты технологияларды енгізу, қолдану, тәжірибе алмасу және дәріптеу,  педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін немесе құралдарын көрсету.

29.01 3а РШО тобында «Эго-психоанализ Э.Эриксона. Трансакционный анализ Э.Берна» тақырыбында педагогика пәні оқытушысы Шотова Г.С.,2аКШО тобында «Қазақ тіліндегі синонимдер мен синонимдік қатар. Антонимдер» атты қазақ тілі пәні оқытушысы Косбаева К.К., 2а КШИ тобында  психология пәні оқытушысы Куанышева А.Е.«Сөйлеу. Балалардағы сөйлеуді дамыту» ашық сабақтары өтті. Сабақтарда  kahoot, wordwall, СМС, суретті әңгіме әдістері, перфокарта, ұшақпен саяхат, логикалық тізбекті ажырату, т.б ойындар,түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы студенттердің қызығушылықтарын оятып, қойылған мақсаттарға жетті.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 1ВРШО, 2бРШО, 2бРШФ топ студенттерінің арасында мамандыққа баулу, практикадан алған әсерлерімен бөлісу мақсатында «Путь к успеху: моя профессия- учитель» тақырыбында квест-ойын өтті. Квест-ойын тапсырмалары арқылы студенттер мамандыққа өз көзқарастарын білдіріп, ойларымен бөлісті. Шараның қонақтары директордың тәрбие жұмысы орынбасары Отарбай А.Ж., әдіскерлер Баймуханова К.К., Курманалина Ж.Х., педагогикалық еңбек ардагері-оқытушы Джамбаева А.Б. еңбек жолдары туралы әңгімелеп, студенттерге қиындықтан мойымай, таңдаған мамандықтарының майталманы болуға- ізденіс, еңбек, мамандыққа деген махаббат арқылы жетуге болатыны жеткізді.

2024 жылдың 18 қаңтарында Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің оқу- әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыстың «Бүгінігі жас маман – ертеңгі шебер ұстаз» тақырыбында «Жас маман» клубының жұмысы, оқу үдірісінде жаңа технологияларды енгізу жолдарына бағыттылаған «Жаңа  педагогикалық  техногияларды оқу үрдісінде жүйелі  қолдану  жолдары» атты дәстүрлі САБАҚ FEST фестивалін өткізу  мәселелері қаралды. Колледждің «Жас маман» клубы мүшелері Б.А.Насыров, А.Г.Төлеутаева  алған ақпараттары, жинаған тәжірибелері туралы өз ойларын білдірсе, тәжірибелі педагог Маденова Т.У. «Лепка из пластилина в технике « Миллефиори» атты шебер сыныбында   тәжірибесімен бөлісті. Кері байланыста қатысушылар Отарбай А.Ж., Аманбаева А.А. жаңа форматтағы шебер сыныптар, жаңа технологияларды қолдану арқылы тәлімгер мен жас маманның жұмыс тәжірибесін таратуды  ұсынды.

FaLang translation system by Faboba