ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

1 желтоқсан халықаралық СПИД - ке қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаты

Оқытушы Н.А.Утегенованың жетекшілігімен 2аКШМ және 1вКШМ тобында 1 желтоқсан халықаралық СПИД - ке қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаты оздырылды. Мақсаты: студенттерді ЖҚТБ-дан сақтандыра отырып, салауатты өмір салтына насихаттау, оның зиянды жақтарын түсіндіру және ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгертіп, сана-сезімдерін дамыту.

Жыл сайын, 1 желтоқсанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі мен 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес – ЖИТС – қа қарсы Халықаралық күрес күні. Биыл ол “Халықаралық ынтымақтастық-ортақ жауапкершілік!» ұранымен өтеді. Шара барысында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, талқыланды. Топ студенттері белсенділік танытып, жауапкершілікпен қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде өз ойларын ашық, еркін жеткізе білді. Әр адамның болашағы -өз қолында. Денсаулығы мықты адамдар еліміздің, ұлтымыздың болашағы екенін ұмытпауымыз қажет.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.