ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Живое слово о важном» атты аудиториядан тыс шара өтті

23 ақпанда педагогика және психология пәндері апталығы аясында өзін-өзі тану бойынша «Живое слово о важном» атты аудиториядан тыс шара өтті.

Мақсаты: рухани-адамгершілік өсуге деген ұмтылысты қалыптастыру.

Міндеттері:

-белсенді ой-пікір алмасуды ұйымдастыру;

- өз ойын сауатты және орынды жеткізуге үйрету, коммуникативті дағдыларды, шешендік өнерді жетілдіру;

- сөзге ұқыпты, зейінді қатынасқа тәрбиелеу.

Шараға 3 курс студенттері қатысты.

Кіріспе сөзі оқытушы Шотова Г.С. Әлем сұлулық пен ғажайыптарға толы. Солардың бірі – сөз. Адамға берілген сый. Сөз рухани күшке толы, оның бастауы – жүрегіміз. Сөздің дарыны адамды ер етеді. Сөз ақыл мен жүрек сырын, адамның ой-өрісін ашады. Ол адамның жан дүниесінде жақсылық па, жамандық па, қандай күштің өмір сүретініне куә.

Студенттер Дмитрий Лихачевтің сөзін - шараның эпиграфы «Жалпы ереже: кішіде үлкенді сақтау керек» деген сөздерін және тілдің үш алтын ережесін талдады. Халқымызда сөз құдіретін дәлелдейтін мақал-мәтелдер де аз емес. Студенттер презентациядан орыс және қазақ тілдерінде мақал-мәтелдерді оқып, жанды сөздің маңызымен байланыстыра отырып, мағынасын түсіндірді.

Сөз – қуат, жақсысы – жарасымдылық пен тыныштықты тудыратын, теріс – айналаны өлтіріп, бүлдіретін астарлы әңгіме де талданды. Студенттер бейнероликті тамашалау арқылы су кристалдарының мейірімді және жаман сөздерге қалай қарайтынын анық көрді.

Шара соңында студенттер суреттер салу арқылы бақыт ұғымын, ата-анасына, колледжге, оқытушыларға, достарына деген алғысын бейнеледі.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.