01.03 күні педагогика және психология пәндерінің апталығының «Идея. Шығармашылық. Нәтиже.» жабылу салтанаты өткізілді. Апталықтың жабылуында апта аралығында өткізілген шаралар бойынша қортындындылары шығарылып студенттер марапатталды.
1 наурызда Алғыс айту күнінде колледж ұжымына алғыс білдіруге көңіл бөлінді. Колледждің атқарушы директоры Ляззат Жетебаевна, колледж оқытушылары өздеріне ұсынылған «Алғыс сөздер» себеттен парақшаны таңдап, Алла тағалаға, колледж құрылтайшысы Шалқыма Хайроллақызына, атқарушы директорға, педагогикалық ұжымға, студенттерге, өз тобының студенттеріне, ата-аналарға, отбасына және т. б. арналған алғыс сөздерін айтты. Оқытушылар бауырсақ пен көжеден дәм тәтті. Оқытушылар алғыс сөздерін өз атына қабылдап, басқа педагогтарға алғыстарын білдірді.