9 ақпан күні «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінің оқытушысы Хабиев А.М. Орал қаласындағы № 47 ЖОББМ-те кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беруге 9-сыныптарындан 94 оқушы қатысты. Оқытушы оқушылармен кездесуде колледждің мамандықтарымен таныстырып, оқу үрдісі, оқытылатын пәндер, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша әртүрлі практика түрлері туралы толығырақ айтып берді. Сондай-ақ студенттердің қалалық, облыстық, республикалық және әлемдік деңгейдегі спорттық жетістіктеріне қысқаша тоқталды.
Мамандықтар жазылған парақшаларды таратқан кезде қабылдау емтихандарында бейінді пәндер тапсыру бойынша түсініктеме берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерка Біржанқызы және сынып жетекшілері арқылы оқушылардың, ата-аналардың чаттарына колледж туралы бейнематериалдар мен жарнамалық буклеттер жіберілді.