ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

3аРШФ, 2вРШФ топтарының 3 курс студенттері байқау практикасынан өтуде

3аРШФ, 2вРШФ топтарының 3 курс студенттері 24.01.2022 ж. Орал қаласындағы №7 ЖОББМ және №17 ЖОББМ базасында байқау практикасынан өтуде. Әдіскер А.Б.Кужахметова.

Дене тәрбиесі пәнінен байқау практикасы кезінде студенттер теориялық білімдерін бекітеді, тереңдетеді және жетілдіреді, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдері ретінде кәсіби іс-әрекеттерді өз бетінше орындау іскерлік мен дағдыларын меңгереді.

Практикада студенттер келесі іс-әрекеттерді меңгереді:

-дене тәрбиесі сабағын оның кезеңдерін (үзінділерін) нақты бөле отырып өткізу: сабақтың басы, ортасы және соңы;

- дене тәрбиесі мұғалімімен келісім бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету;

-оқу-тәрбие процесінің жекелеген аспектілерін педагогикалық бақылау мақсатында дене тәрбиесі мұғалімінің және басқа студенттердің сабақтарына қатысу.

 

stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.