Байқау практикасынан өту кезінде қалалық №7, №17 жалпы орта білім беретін мектептерінің базасында 3аРШФ, 2вРШФ топтарының студенттері әдіскер- мектептердің дене шынықтыру мұғалімдерінен және колледж әдіскер-оқытушысынан әдістемелік көмек алады.
Олар студенттерге қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру, жалпы дамыту жаттығулары мен оқыту әдістерін таңдау бойынша кеңес береді, көмек көрсетеседі. Студенттердің өткізген сабақтарына талдау жасап, жағымды және жағымсыз жақтарын атап өтіп, ұсыныстар береді.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні бойынша колледж оқытушысы Кужахметова А.Б. әдіскер және топ жетекшісі ретінде мектептерге барады, сабақтарды талдайды, студенттердің практика өту барысын бақылайды, сабақтарға дайындалуға көмек көрсетеседі.