31.01-04.02 апта аралығындағы дене тәрбиесі пәнінен байқау практикасында 3аРШФ, 2вРШФ топ студенттері мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне бейімделіп, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, педагогика, психология және психологиясы бойынша білімдерін тәжірибеде іске асыруда.
№7, №17 мектептерінде студенттер дене тәрбиесі сабақтарын өз бетінше өткізуде. Студент Пешкова Олеся дене тәрбиесі пәнінен №17 ЖОББМ-де, 6 «А» сыныбында «Қашықтықты өтуге арналған шығармашылық тапсырмалар» тақырыбында өте жақсы деңгейде сабақ өткізді. Сабақ жақсы ұйымдастырып, эмоционалды түрде өтті. Студент сабақта сыныпты басқару, жақсы қойылған командалық дауыс ырғағы, сабақтың тығыздығын сақтау қабілетін көрсетті. Барлық оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Байқау практикасын өтуі студенттердің кәсіби құзыреттілігін, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттері мен психикалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өткен жөн.