ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

№12 ЖОББМ кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді

3 ақпан күні "Орал гуманитарлық-техникалық колледжі" мекемесінің оқытушысы О.Ж. Батыргалиев Орал қаласының №12 ЖОББМ кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беруде 9 сыныптарының 90 оқушысы қатысты. Колледж оқытушысы О.Ж. Батыргалиев оқушыларды колледж тарихымен, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуымен таныстырды, студенттердің әртүрлі конференцияларға, сайыстарға, олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатысуы туралы қысқаша ақпарат берді. Студенттердің спорт және кәсіби салалардағы жетістіктеріне назар аударылды. Мектеп оқушыларына Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің артықшылықтары туралы бейне материал ұсынылды. Сондай-ақ оқытушы О.Ж. Батыргалиев колледж мамандықтарымен, бейінді пәндер бойынша емтихандармен, колледжге түсу үшін жағдайларымен, қажетті құжаттармен таныстырды. Оқытушы оқушылардың қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Мектеп оқушылары «Дене шынықтыру және спорт», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарына оқуға түсуге қызығушылық танытты. Мектеп оқушылары колледж туралы ақпаратты көру үшін колледждің инстаграмына жазылды.

   

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.