18 қыркүйек күні «Мен, сен, ол, біз – дені сау Елміз!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2021» атты шарасы өтті. Денсаулық фестивалі ДТІЖО А.Ж.Отарбайдың құттықтау сөзімен басталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Арнайы пәндер бойынша пәндік циклдік комиссия меңгерушісі А.Б.Кужахметова шараның бағдарламасымен таныстырды. Шара барысында 1-2 курс топ студенттері арқан тарту, секіргішпен секіру, көңілді старт, табиғи материалдан қолөнер, туристік тағамдар конкурсы, асық ату, туристік әндер айту сайыстары бойынша бақ сынады. Сонымен қатар топ жетекшілерде арқан тартыс, доппен жүгіру сынды сайыстарда бақ сынады. Нәтижесінде 1аРДО тобы: «Көңілді старт» сайысында ІІ орын, «Туристік әндер» конкурсында ІІ орын, «Тұмылдырық кию» сайысында ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «Топ жетекшілер» сайысында 1аРДО топ кураторы Б.Б.Конарова ІІІ орынды иеленді. Денсаулық фестивалі қызықты өтті, студенттер белсенді қатысты.