ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

"Қыз тәрбиесі - ұлт байлығы"

12.05.2021 күні Орал гуманитарлық техникалық-колледжінде 1-2 курс студенттер арасында, ZOOM платформасында "Қыз тәрбиесі - ұлт байлығы" тақырыбында шара өтті. Шараны директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай жүргізді, колледждің өзін-өзі басқару ұйымының қыз балалары және 1-2 курстың қыздары қатысты. Онлайн кездесдің мақсаты: Қыз балаларға келешекте қоғамның, елдің тұрмыс тіршілігі барысында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әлемде жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеу керектігін түсіндіру. Шара барысында студенттер қыз балаға қырық үйден тыйым ұғымының мағынасын ашып талдады. Қыз балаға қатысты нақыл сөздермен мақал –мәтелдер айтып түсіндірді. Қыз бала болашақ ана сонымен қатар болашақ педагог маман иесі өздерін қалай ұстау керектігі туралы ой бөлісті. Шараға барлығы 32 студент қатысты.

     

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.