Орал гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Шотованың жасақтаған кестесіне сәйкес қазақ, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына №19, 43, 45 ЖОББМ мен №27 мектеп-лицейіне кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу міндеттелді.
20 сәуір 2021 жылы кафедра оқытушылары К.К. Косбаева мен С.Б. Акбулатова кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша №27 мектеп-лицейіне барды. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айнұр Нәсіпқалиқызының қолдауымен 9а, б сынып оқушыларына Орал гуманитарлық-техникалық колледжі туралы ақпарат айтылып, мамандықтар жөнінде түсінік берілді және оқушыларға жадынама таратылды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан мамандықтар туралы сұрақтар қойылып, колледж инстаграмм парақшасына жазылды.