«Өмірімнің бақытты сәттері» тақырыбында 1 курс студенттерімен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында кездесу өтті. Пікір алмасу ретінде өткен кездесуді колледждің педагог-психологы Конарова Бекзат Бактыгалиевна ұйымдастырды. Себебі, көктем мезгілі жасөспірімдердің күйзеліске ұшырап, суицид көп орын алатын кезі. Студенттер суицидтің алдын алу үшін қандай шаралар жүргізу керектігін, өзара талқыға салды. Студенттерге суицид ұғымына анықтама беріп, оны мысалмен түсіндіріп, тақырып бойынша видеороликтер көрсетілді. Видеороликті көре отырып көздеріне жас алып, алған әсерлерімен бөлісті. Қазіргі кездегі суицидтің себептеріне тоқталып, әлеуметтік желілердегі ойындар жайында сөз етіп, суицидальді мінез- құлықтың 5 типіне талдау жасадық.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде суицид көптеп кездесіп жатыр. Әлем бойынша өз-өзіне қол сұғудан Жапония бірінші орында тұрса, Қазақстан үшінші орында тұр. Ал, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Ресей бірінші тұрса, еліміз алғашқы үштікте.