1аРДО тобында «Қарым-қатынас» тренингі өтті. Тренинг мақсаты: жаттығулар мен ойындар жүргізе отырып, оларды бір-біріне деген түсіністікке, достыққа, қарым-қатынастың қалыптасуына әсер ету.
Тренингіміз қарым-қатынас дегеніміз не деген сұрақтан басталды, студенттер өз ойларын: қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді,кикілжіңді болдырмау, лекция тыңдасақ да, телефонмен хабарлассақ та, достарымызбен сөйлессек те – осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қыры деп түсіндірді. Осы қарым-қатынас ұғымын тереңірек ұғыну үшін, студенттер әртүрлі жаттығулар жасап, өз қабілеттерін көрсетіп, бір-бірімен ұялмай, жақсы байланыс орната білді. Жаттығулар жүргізу барысында студенттерде бір-біріне көмектесу, достық, адалдық, бауырмалдық қасиеттері мен дұрыс әрекет, қиянат жасамау құндылықтарын қалыптастыра білдік.