ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

3-4 курс студенттерімен дипломалды практика қорытындысы бойынша конференция

18 Наурызда колледжде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 3-4 курс студенттерімен дипломалды практика қорытындысы бойынша конференция өткізілді. Топтардың әрқайсысы уақыт кестесіне сәйкес бекітілген кабинеттерде орналасты. Конференцияға қала мен жақын аудандарда тұратын студенттер қатысты.

Конференцияға колледждің атқарушы директоры Утарбаева Л.Ж., директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Шотова Г. С., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагидуллина А. М., директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Отарбай А. Ж., колледж әдіскері Гайсина А. К., практика бойынша әдіскерлер, топ жетекшілері қатысты. Конференцияда студенттер практика кезінде қолданған дидактикалық материалдарын көрсетті. Студенттер практикадан өту туралы өз есептерімен сөз сөйледі, презентациялар арқылы сабақтарының үзінділерін көрсетті, өз әсерлерімен , қиындықтарымен бөлісті, оффлайн және онлайн сабақтарын өткізу айырмашылықтарын қарастырды. Сонымен қатар студенттер BilimLand, Kundelik.kz. жүйесінде, ZOOM платформасында қалай жұмыс істегендерімен бөлісті. Практика барысында 4бКШК, 4бКДО, 4бКШФ, 3вКШФ топтарының студенттері әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың көрсету және түсіндіруде белсенділік танытты. 4бКШК тобының әдіскері К .К. Косбаеваға "Үздік машықкерлер" дайындағаны үшін Орал қаласының №19 ЖОББМ директоры А. Г. Жумагалиева алғыс білдірілді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.