ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті анықтау мақсатында анонимді сауалнама өткізілді

Орал гуманитарлық техникалық колледжінде 3-4 курс студенттерінің арасында жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті анықтау мақсатында анонимді сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 153 студент қатысты.

 

https://docs.google.com/forms/d/1_JHBTtVfNXHWf0uaRJ7xHX2RoV-u2D7xAKeSvcj_lqQ/edit

Қорытынды: Сауанамаға қатысқан білім алушылардың жастары 18-21 жас аралығын құрайды. 13% студенттердің түсінігінше жемқорлық бұл пара беру, сыйлық, ақша арқылы мәселені шешу, 29,4%-ы өз мүддесі үшін лауазымын пайдалану деп санаса, 32%-ы ақша арқылы бәріне қол жеткізу, 25,4%-ы жемқорлық жағдайымен кездеспегенін көрсетті. Білім алушылардың 61,4%-ы колледжде жемқорлық жоқ деп ойлайса,29,4%-ы ондай жағдай кездеспегенін айтып отыр. Білім алушылардың 76,4%-ы колледжде оқытушылар тарапынан студенттерден ақша талап ету жәйттары кездеспегенін және 45% ондай жағдайға тап болмағаны анықталды. Сонымен қатар колледж қабырғасында оқытушыға ешқандай пара бермегендерін байқатты.

«Егер сіз оқытушыға пара берсеңіз, қандай себеп негіз болады?» деген сұраққа31,3%-ы ондай жағдай кездеспнін, 68,6%-ы мен сабақты жақсы оқимын деп жауап көрсетті. Білім алушылардың 83,6%-ы пара берген адам ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білетін болса, 16,3%-ы білмейтіндіктерін байқатты. Студенттен пара (ақша, сыйлық) талап еткен жағдайда 28,1%-ы білім алушылар әкімшілік, «сенім телефонына» хабарласу және 71,8%-ы құқық қорғау орындарына жүгіну деп біледі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында жүргізілген сауалнамалар бойынша талдау: Колледжде 1-4 курс студенттеріне арналған сауалнамалардың қорытындысын талдау барысында жалпы сыбайлас жемқорлық туралы түсініктері қалыптасқанын аңғартты. Студенттердің басым көпшілігі жемқорлық қалыпты жағдай деп есептемейді. Өткізілген сауалнамалар бойынша «Колледжде жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба?» деген сұраққа студенттер бір ауыздан «жоқ» деген жауап көрсетіп отыр.

Студенттермен әңгімелесулер, кездесулер және топтық түсігдірме жұмыстары жүргізілуде. Студенттермен әңгімелесу барысында қазіргі жүргізіліп жатырған «Адалдық сағаты» түсіндірмелі видеороликтерінен өздеріне көп ақпарат алғандығын хабарлап, әр видеороликті ерекше серпінмен ден қойып тыңдайтындарын да атап өтті.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.